Жүктілік күнтізбесі. Апталар, айлар және триместрлер

ЖҮКТІЛІКТІҢ АЙЛАРЫ

Тоғыз ғажап айлар әйелді сәбиді жоспарлаудан сүйікті бөбегімен кездесуге дейін бөліп жатыр. Апта, сағат, секунд сайын ұрықтың мүшелері мен жүйелері құрылып, дамып жатады және жетіледі. Апталар мен айлар бойынша жасалынған жүктілік күнтізбесі сізге және балаға әр кезеңде не болып жатқаны туралы хабар береді.

Жүктіліктің толық күнтізбесі

Әрбір әйелдің өміріндегі бақытты кезең-жүктілік уақыты  этаптарға бөлінеді: триместрлер, айлар, апталар. Осы уақыт бірліктерінің әрқайсысының өзіндік ағымының ерекшеліктері бар-болашақ ананың денесінде де, болашақ бөбектің денесінде де. Бұл жайында барынша  егжей-тегжейлі әрі түсінікті айтатын боламыз.

Ғажаптың туылу қарсаңы

Жаңа туған,ұқыпты оралған нәрестені алғаш рет қолына алу үшін, оның шырылын  естіп, иісін сезу үшін сіз қырық қадамнан – қырық аптадан тұратын бақыт баспалдағына көтерілуіңіз керек. Әр қадамыңызда сүрінбей, тағдырыңызға,қиындыққа шағымданбай өту керек. Осы таңғажайып баспалдақтың жоғарғы сатысында сіз қанаттарыңызды кең жайып, ана деген бақытты әлемге шарықтайсыз. Ғажайып сәт  сізге тіптен жақын!

Жүктілік қалай өтеді?

Жүктіліктің алғашқы акушерлік аптасында әйел ағзасы кейінірек болатын ұрықтануға дайындықты бастайды.

Екінші аптада осы циклдегі «көшбасшы» – жаңа өмір бастайтын жұмыртқа анықталады.

Әдетте, екінші кезеңнің соңында – жүктіліктің үшінші акушерлік аптасының басында жетілген жұмыртқаны көптеген бәсекелестер арасынан ең икемді сперматозоидымен бірігуі – ұрықтану жүреді. Сүйікті еркек өзінің құмарлығда толығымен ерігендей, сперматозоидта аналық жұмыртқаның ішінде ериді. Ата-аналардың генетикалық ақпараты біріктіріледі. Осылайша жаңа өмір басталады!

Төртінші аптада нәресте тез бөлінетін жасушалардың бір бөлігі болады. Егер үлкейтіп қарайтын болсақ, эмбрион таңқурай жидегіне ұқсайды.

Жүктіліктің бесінші аптасында ең маңызды жүйелерді бастамалары дамиды. Жүрек, қан тамырлары және тыныс алу жүйесі қалыптасады – бұл тәуелсіз өмір сүру үшін өте маңызды.

Келесі аптада болашақ баланың қолдары мен аяқтарының белгілері пайда болады, ішкі құлақ пен көмейдің жеке бөліктері пайда болады.

Жетінші аптада ұрықта ми белсенді дамиды, асқазан-ішек жолдары қалыптаса бастайды, өкпе пайда болады.

Сегізінші аптада ұлы жасаушы – табиғат нәзік жұмыспен айналысады. Енді құлақтар, мұрын және жоғарғы ерін, сондай-ақ қолдың саусақтары пайда болады.

Жүктіліктің тоғызыншы аптасында эмбрионның артқы жағы түзеле бастайды, ал құйрығы «сеңіп қалады». Баланың миы үлкен қарқынмен дамиды.

Келесі аптада сүт тістерінің төселуі басталады. Бұл кезде эмбрион іштегі соққылардан және дірілдерден қорғайтын амниотикалық сұйықтықпен қоршалған.

Он бірінші аптада болашақ баланың жыныстық сипаттамалары бар, ал болашақ ата – аналар қазіргі заманғы жабдықтың көмегімен іштегі сүйкімді қыз немесе ер бала екенін біле алады. Сонымен қатар, ұрықтағы көздің түсі анықталады.

Жүктіліктің он екінші аптасында  баланың денесінің барлық жүйелері  қалыптасты. Қалған уақытта олар өсіп, дамиды.

Жүктіліктің бірінші триместрі он үшінші аптада аяқталады. Баланың орны-плацента толығымен қалыптасқан. Енді ол анадан балаға қоректік заттар мен оттегін жеткізуге жауапты болады.

14-ші аптада нәресте лануго нәзік мамықпен жабылған. Ол майды сақтап тұрады, бұл өз кезегінде баланы қоршаған сулардың әсерінен қорғайды.

Жүктіліктің 15-ші аптасында нәрестенің кішкентай жүрегі күніне 20 литрден астам қан өткізетіні дәлелденді. Іштің терісі жұқа және қызыл түсті , ол әлі де жақсы тамақтанған нәрестеден ерекшеленеді.

Он алтыншы аптада ұрықтың басы енді кеудеге қарай басылмайды, біртіндеп түзетіледі. Бет бұлшықеттері дамыған, сондықтан бала жылап, қабағын түйе алады.

17-ші аптада дененің жылу алмасуына қажетті «қоңыр май» жинала бастайды. Бірақ тері астындағы май әлі де пайда болған  жоқ.

Жүктіліктің 18-ші аптасында нәресте сізді естиді, өйткені ортаңғы құлақтың құрылымы жақсарады. Ең бастысы баламен сөйлесіп, және  оған балаларға арналған әндер айтуыңызға болады.

Келесі аптада аяқ-қолдар өсіп, пропорционалды болады.

Жиырмасыншы аптада бөбектің басында нәзік мамық және қолдар мен аяқтардың саусақтарында кішкентай тырнақтар бар. Біршама іс -әретке ие-бала есінейді,айналады,қолын сорады.

Жиырма бірінші аптада ағзаны инфекциялардан қорғауға жауап беретін қан жасушалары пайда бола бастайды. Тілдегі дамыған емізікшелердің арқасында ұрық айналсындағы судың дәмін сезінеді.

22-ші аптада нәресте өз қолдарын, аяқтарын, бетін сипайды, саусағын сорып, аяқтарын жатыр қабырғаларынан итереді.

Жиырма үшінші аптада ұрықта тері астындағы май жинала бастайды.

Жүктіліктің 24 аптасында нәресте үлкейіп және жақсы тамақтанатындай болады. Оның көлемі жатырды толықтай  алады, айналу қиындай түседі.

Келесі аптада сүйектер күшейтіліп, буындар пайда болады.

26-шы аптада нәресте көзін аша алады.

Үшінші триместр жиырма жетінші аптадан басталады. Салмағы шамамен 1000 г болатын нәрестеде барлық негізгі жүйелер жұмыс істейді, бірақ олардың дамуы әлі аяқталған жоқ.

28-ші аптада ми өсіп, жаңа жасушалар мен жүйке байланыстары пайда болады.

Жиырма тоғызыншы аптада нәресте өзінің дене температурасын  аздап реттеуге үйренді.

Отызыншы аптада баланың көзі ашық, ол анасының ішіне енетін контрастты жарыққа жауап береді.

Келесі аптада нәресте қатты дыбыстар мен ауырсынуға жауап береді. Дәрігер  ішін  ұстағанда, оның қимылы сезінеді.

Жүктіліктің 32 аптасында бала іштен тыс не болып жатқанын жақсы естиді. Ол ананың жүрегінің соғуын, ішек қозғалысын және кіндік арқылы ағып жатқан қанның шуылын біледі. Сондықтан нәресте туылғаннан кейін егер анасы оны кеудесіне тигізсе  тынышталады, өйткені ол жүрегінің әдеттегі дыбыстарын естиді.

33-ші аптада нәрестеде әлі де қозғалуға жеткілікті орын болады, бірақ күн сайын уақытша орын – жатырдың кеңістігі ол үшін тығыз бола бастайды.

Келесі аптада тері астындағы май баланың салмағының оннан бір бөлігін құрайды, бұл ұрықтың терісіне тегістік және қызғылт реңк береді.

35 аптадан бастап нәресте салмағына(шамамен 2550 г) аптасына 200-220 грамм қосып отырады.

Келесі аптада баланың бетінде тегістік әрі томпақтық  пайда болады.

37-ші аптада нәресте туылуға дайын.

38-ші аптада нәресте ланугодан айырылды. Бастапқы майлары азаяды.

Жүктіліктің отыз тоғызыншы аптасында жатырдың қабырғалары бірен-саран жиырылып, босануға » жаттықтырады».

Қырқыншы аптада ұрықтың қозғалысы туылу қарсаңында баяулады. Оның ішектері бастапқы нәжіспен (меконий) толтырылған. Бөбектің туылуын  кез-келген уақытта күту керек.

Жүктіліктің 41-ші аптасында туылмаған баланың барлық мүшелері мен жүйелері кез-келген уақытта тәуелсіз жұмысқа кірісуге дайын.

42-ші аптада нәрестеде  барлық саусақтарда ұзын тырнақтары,шаштары өсірді. Көздері ашық, белсенді болады.

Біздің күнтізбе жүктіліктің әрбір аптасына арналған және барлығын егжей-тегжейлі қарастырамыз. Қош келдіңіздер!