Жүктілік белгілері. Көтерудің айқын алғашқы белгілері.

Кез келген әйел жүктіліктің алғашқы белгілері – таңертең жүрек айнуы, бас айналу және етеккірдің кешігуі — алғашқы жүктілік белгілері екенін біледі. Құрсақ көтергеніңізді етеккірдің кешіккенінен бұрын да білуге болады ма? Болады екен.

Жүктіліктің айқын  белгілері

Омыраудың ауыруы. Жүкті болған әйелдер көп жағдайда омыраудың ауыратынын байқайды. Оның үстіне сүт бездері ісінеді. Бұл кезеңде кеуде бірінші аптадан бастап үлкейе бастайды. Омырауда басқа да өзгерістерге түседі: емшек тамырлары айқын көрінеді. емшек ореолы түсін өзгертеді. Ол етеккір келетін кездегіден де қатты ісінуі мүмкін. Омырауыңыз өте сезімтал болады, кейде түсініксіз сұйықтық та бөлінеді.

загрузка...

жүктілік алғашқы белгілері

Арқа мен іштің ауырсынуы. Іштің төменгі жағының сыздап ауыруы және белдің ауыруы – етеккірдің жиі серіктері. Бірақ бұл жерде ауырсыну сәл басқа формада келеді. Ол гормондық өзгерістерге және жатырдың өсуіне байланысты болады. Ұрықтанған жұмыртқа жатыр қабырғасына жабысқанда, ол кеңейеді, осыдан ауырсыну белгілері де шығады.

Қынаптан шыққан бөлінулердің өзгеруі. Жұмыртқа жатыр қабырғасына жабысқанда, ол қан аз мөлшерде бөле бастауы мүмкін. Сондықтан, етеккіріңіздің келу уақыты қысқарғанын немесе бөлінген сұйықтықтың мөлшері азайғанын көрсеңіз, онда сізге дәріханаға барып тест алу керек. Әдетте құрсақ көтергеніңізге 6 – 12 күн болғанда осындай қан бөлінеді. Бұндай жағдайда түсік тастаудың, жатырдан тыс жүктілік болудың және инфекцияның алдын алу үшін дәрігерге бару керек.

Шаршау – жүктіліктің белгісі. Ұрықтанудың алғашқы күндерінде немесе апталарында біздің денеміз жүктілікті қолдау үшін өте көп жұмыс істей бастайды. Көп энергияны қажет етеді, жүрегіңіз екі еселенген күшпен жұмыс істей бастайды, себебі жатырға қосымша оттегі жеткізеді. Шаршау – бұл ағзаның қосымша пайда болған жүктемеге арналған қалыпты реакциясы. Онымен күресуге салауатты диета сақтау, жеткілікті сұйықтық мөлшерін және витаминдерді ішу, көбірек демалу көмектеседі.

Емізіктер түсінің өзгеруі. Жүктілік кезінде бөлінетін гормондар меланоциттердің белсенділігіне әсер етеді. Меланоциттер – түс пигментіне жауапты жасуша. Жүктілік кезінде емізіктер қарайып, кейде тіпті қызыл болады. Бірақ, бұрыңғыдай түс болмайды.

Жүрек айнуы. Тағы бір кеңінен тараған белгілердің бірі – жүрек айнуы. Көп жағдайда бұл 85 пайыз әйел адамдарда кездеседі. Ол токсикоздың белгісі.  Жүктіліктің бастапқы кезеңдерінде теңіз ауруы да алғашқы дабыл болуы да мүмкін. Бұрын бәрі жақсы болғанымен, енді сізді көлікте, ұшақта шайқап жіберуі мүмкін. Кейбір әйелдер жаяу жүргенде де жүрек айнуын сезінеді. Бұл жүктіліктің екінші аптасында пайда болады. Себебі, прогестерон ас қорыту процесін баяулатады. ХГЧ гармоны да жагдайды жеңілдетпейді. Оның деңгейі көп болғанымен, өзіңізді соншалықты жаман сезінесіз.

жүктілік белгілері

Іш үрленуі. Шалбарыңызға сыймай қалдыңыз ба немесе енді түймесі тағылмайды ма? Иә, баяуланған ас қорыту сізбен жаман ойын ойнауы мүмкін. Етеккірі кезінде де бұндай жағдайлар болады – прогестерон деңгейі көтеріліп, іш үрленеді. Етеккірі басталғанда бұл белгі жойылады. Ал жүктілік кезінде – жоқ.

Дәретханаға жиі барғыңыз келеді. Жиі несеп шығару – бұл тек соңғы ай жүктілігінде жүрген әйелдер үшін ғана сын емес. Соңғы айларда бала өзінің ауыр салмағын қуыққа салғандықтан, осындай фокустар болып тұрады. Бірақ бұндай белгі алғашқы апталарда да байқалады. Сонымен қатар, аналық ұлғайып қуыққа баса бастағанынан бөлек бүйрек те күшейтілген тәртіпте жұмыс істей бастайды. Нәтижесінде сіз дәретханаға әрбір жарты сағат сайын жүгіруге мәжбүр боласыз.

Тамақты тым көп жеу. Иә, иә! Бірақ бұдан ұялудың қажеті жоқ. Ағзаңыз шаршағандықтан, сізге мол қуат керек болады. Сондықтан да бүйіріңіз тамаққа қарай тартып, фастфудты көргенде басыңыз бақыттан айналады. Фастфуд бұл уақытта жетіспей жүрген қуат береді.

Бас ауруы. Қан айналымының күшею жақсы, әрине. Алайда кейде миға қан құюлуы басты ауыртады. Жүктіліктің алғашқы апталарында басыңыз әлсіз ауыратын болады. Егер де суды аз ішсеңіз немесе қанмен қандай да бір проблемаларыңыз болса, талдама тапсырғаныңыз жөн. Уақыт өте келе бас ауырулары жоққа саяды.

Іш кебуі. Айтуға ыңғайсыз нәрсе, бірақ физиологияда болғаннан кейін не істейміз? Ас қорытудың баяулануы, іш үрленуі – іш кебуіне әкеледі. Бұл бас ауруынан да күрделірек, себебі жүктілік уақытында ол бірнеше күннен кейін өтпейді, керісінше, қиындай түседі. Сондықтан ас мәзіріңізді қарап шығу керек.

іш кебуі жүктілік белгілері

Эмоциялардың аяқ асты өзгеруі. Ол да жүктілік белгілері не жатады. Күн де жүкті әйел сияқты екен», -деп тегіннен тегін айтпайды. Эмоцияның өзгеруі гормондарға тікелей байланысты. Ал жүктілік кезінде гормондар мың құбыла басталады: әйел адам өзін бірде қуанышты, бірде мұңлы сезінуі мүмкін.

Базальды температураның өзгеруі. Дененің базальды температурасын тексеріп жүретін адамдар оның овуляциядан кейін бірнеше күн бойы шамадан жоғары болып тұратынын біледі. Етеккір басталғанға дейін осы деңгейде болады. Егер жүктілік орын алмаса, температура төмендей бастайды. Ал екі аптадан артық жоғары болса, жүкті болғаныңыз.

Мұрының бітелуі. Мұрынның бітелуі немесе ағуы – жүктілік кезінде болатын ең күтпеген жағдай. Кейде тіпті қан ағуына дейін барады. Бұған екі себеп бар – қатты қан қысымы және экстроген гормоны. Негізінен әлсізденген иммунитеттің кесірінен болашақ ана аурушаң болып келеді.

Басқа жүктілік белгілері

– таңертең ауыз кебеді;

– дәмдік қабылдау өзгереді –экзотикаға және күтпеген тамақтарды араластыруға құмарлық пайда болаы;

– жыныстық құмарлық төмендейді;

– кейбір иістерден жиіркену;

– күтпеген жерден температураның көтерілуі, оның қалтырауға ұласуы;

– жамбастың ауырлауы.

Пайдалы мақалалар:

Токсикоз немесе жеріктік туралы. Толық ақпарат

Жатырдан тыс жүктілік деген не? Ол несімен қауіпті?

3.2 6 votes
Article Rating

Related Articles

Жатырдан тыс жүктілік деген не? Ол несімен қауіпті?

Жатырдан тыс жүктілік деген не? Жалпы жүктілік деп ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жатыр қуысында дамуын айтамыз. Түсініп тұрғаныңыздай жатырдан тыс немесе жатырдың сыртындағы жүктілік – аталық … Read more

Токсикоз немесе жеріктік туралы. Токсикоздың емі

Болашақ ананы бірінші токсикозбен қорқытады. Біреулер олардың жүктіліктің бірінші күнінен бастап айнығанын, екіншілері бастарының қалай ауырғанын, үшіншілері ахілеп, төртіншілері бұдан қашып құтылуға болмайтынын алға тартады. … Read more

Subscribe
Notify of
guest
0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments
angime

ФОРУМЫМЫЗ АШЫЛДЫ!

Біздің форум техникалық режимде жұмыс істей бастады!

Тіркеліңіз! Сұрақтарыңызды қойыңыз. Кеңестеріңіздерді беріңіз! 

Бізбен бірге болғаныңызға рахмет!