Жатырдан тыс жүктілік деген не? Ол несімен қауіпті?

Жатырдан тыс жүктілік деген не? Жалпы жүктілік деп ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жатыр қуысында дамуын айтамыз. Түсініп тұрғаныңыздай жатырдан тыс немесе жатырдың сыртындағы жүктілік – аталық ұрық жасушасы мен аналық ұрық жасушасының қосылып, олардан ұрықтанған жұмыртқаның әдеттегісінше жатырдың шырышты қабатына келіп түспей, аналық безде не жатыр түтігінде қалып, сол жерде дамуы. Яғни жатырдан тыс жерде дамуы.

загрузка...

Кей жағдайда жатырдан тыс жүктілік қиын өтеді. Эмбрион өскен кезде өзі бекіген мүшені зақымдап, нәтижесінде ішке қан кетуге, инфекцияға және перитонитке әкеледі. Жүктілік өлімге әкелмеуі үшін алғашқы күндерден бастап маманның бақылауында болу керек. Біздің редакция жатырдан тыс жүктілік, оның симптомдары, клиникасы және қаупі туралы толық баяндайды.

Жатырдан тыс жүктілік

Әуелі жатырдан тыс жүктіліктің қарапайым жүктілік сияқты басталады: етеккірдің кешігуі, іштің төменгі жағы мен кеуденің ауырсынуы, жүктілікті анықтау тестіндегі екі сызықша – ерекше ештеңе жоқ. Бірінші белгілер жүктіліктің бесінші және он төртінші апталарының арасында байқалауы мүмкін. Алайда әдетте симптомдар етеккір кешігуінен кейін екі апта көлемінде біліне бастайды.

Жатырдан тыс жүктіліктің мына белгілерін байқасаңыз, бірден дәрігерге қаралу қажет.

1. Іштің төменгі жағының құрысуы, шаншуы.

2. Жүрек айнуы, лоқсу.

3. Әлсіздік пен бас аурулары.

4. Тік ішектің, иық пен мойынның ауырсынуы.

5. Етеккірге ұқсас сұйықтық бөлінуі.

Осы белгілердің біреуін өзіңізден байқасаңыз, бірден гинеколог қабылдауына барыңыз.

Қай жағдайда бірден жедел жәрдемге қоңырау шалу керек?

1. Бірнеше минутқа созылған дененің ауырсынуын сезінсеңіз.

2. Денеден қан кетсе.

3. Тік ішектің қатты ауыруы, дәретханаға барғыңыз келсе.

4. Иықтың ұзақ, әрі қатты ауыруы. Кейде жатыр түтігінің үзілуі кезінде құрсақ қуысына кеткен қан көкетке жиналып, иықпен байланысты тамырларды қоздыра бастайды.

5. Бастың шыдатпастай қатты айналуы. Бұндай жағдайда адам өзінің қазір есінен танатынын сезінеді.

Жүктілік кезінде неге дәрігерге қаралу керек?

Үй жағдайында жатырдан тыс жүктілікті анықтау мүмкін емес. Әсіресе жүктіліктің алғашқы апталарында. Себебі, бұл уақытта оның белгілері айқын білінбейді. Сондықтан тесттегі екі сызықшаны көрген кезде бірден гинекологқа барыңыз. Сізді тексергеннен кейін маман ананың да, баланың да жағдайы туралы толық мағлұмат бере алады.

1. Жамбас мүшелерін тексеріп, құрсақ қуысының сау екеніне көз жеткізеді.

Жатырдан тыс жүктілік

2. УДЗ түсіру арқылы жұмыртқаның бекіген жерін анықтайды. Жүктіліктің алғашқы апталарында (5-6 апта) зерттеуді арнайы қынап ішіне арналған қондырғы арқылы жүргізіп, нақты нәтижеге қол жеткізеді. Кейде ұрықтың бекіген жерін нақты анықтауға болмайтындықтан, дәрігер УДЗ-ны жүктіліктің 8-9 апталарына қайта қою мүмкін.

3. Сізді ХГЧ гормонын анықтау үшін қан мен несеп талдауына жібереді. Жатырдан тыс жүктілік кезінде ХГЧ гормонының саны қалыпты жүктіліктен гөрі аз болады.

Жүктілікті анықтайтын тестте кейде екінші сызықша өңсіз болып келеді. Бұл ХГЧ деңгейінің төмен болуымен байланысты.

Жатырдан тыс жүктілік емдеуге болады ма?

Жоқ. Әдетте жатырдан тыс жүктілікті үзуге ғана болады. Басты сұрақ – қалай.

Жатырдан тыс жүктілікті дәрімен емдеу

Егер ұрықтанған жасушаны ерте байқаса, жүктілікті дәрінің көмегімен тоқтатады. Маман метотрексат (Trexall) инъекциясын еккеннен кейін, плацента өсуі тоқтатылып, ағза жүктіліктен өздігінен құтылады. Бұдан соң дәрігермен байланыста болыңыз, себебі емді қайталау керек болуы мүмкін.

Лапароскопия

Бұл кішкентай операция кезінде хирург жатыр түтігін зақымдамай ұрықты жұмыртқаны алып, жүктілікті тоқтатады.

Хирургия

Егер жатыр түтігі үзілген болса, хирург оны толық не жартылай кетіреді. Бұл төтенше шешім ананың өмірін сақтап қалу үшін қабылданады.

Жатырдан тыс жүктіліктен кейін қайтадан бала көтеруге болады ма?

Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін жатырдан тыс жүктіліктің белгілерімен таныс болу керек.

· Жатыр түтігіндегі инфекция. Қабынғандықтан түтік ұрықты жұмыртқаны жатырға жылжыта алмайды.

· Эндометриоз.

· Тыртық пен қосылған жер. Әдетте бұл – инфекциялар мен өткізілген операциялардың, оның ішінде түсіктің нәтижесі. Олар да ұрықтанған жасушаның қозғалуына бөгет болады.

· Жеке ерекшеліктер. Кейбір әйелдердің жатыр түтігі тым тар немесе иірімді болады.

Дәл сіздің жағдайыңызда не себеп болғанын гинекологпен кеңесіп білу керек. Сіздің медкартаңызды қарап, қосымша зерттеулер жүргізіп, маман ем жазып береді. Дәрігердің көмегімен дені сау баланы көтеріп, туу әбден мүмкін.

1 1 vote
Article Rating

Related Articles

Жүктілік белгілері. Көтерудің айқын алғашқы белгілері.

Кез келген әйел жүктіліктің алғашқы белгілері – таңертең жүрек айнуы, бас айналу және етеккірдің кешігуі — алғашқы жүктілік белгілері екенін біледі. Құрсақ көтергеніңізді етеккірдің кешіккенінен … Read more

Токсикоз немесе жеріктік туралы. Токсикоздың емі

Болашақ ананы бірінші токсикозбен қорқытады. Біреулер олардың жүктіліктің бірінші күнінен бастап айнығанын, екіншілері бастарының қалай ауырғанын, үшіншілері ахілеп, төртіншілері бұдан қашып құтылуға болмайтынын алға тартады. … Read more

Subscribe
Notify of
guest
1 Comment
Inline Feedbacks
View all comments
Рахат
Рахат
3 years ago

Байланыс телефонын калай алуға болады сыздердын

angime

ФОРУМЫМЫЗ АШЫЛДЫ!

Біздің форум техникалық режимде жұмыс істей бастады!

Тіркеліңіз! Сұрақтарыңызды қойыңыз. Кеңестеріңіздерді беріңіз! 

Бізбен бірге болғаныңызға рахмет!